28 Ақпан 2022 2430 0
ҚоғамБИЫЛ ДА ЖАЙЫҚТАҒЫ СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Жайық өзенінің тартылып кетуінің басты себебін климаттық ахуал мен антропогендік факторға байланысты деп атады.
Бұл жайында трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі бойынша БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
– 1925-2021 жылдары Жайық – Көшім арнасы бойынша судың ортакөпжылдық ағыны – 9,58 км3 болған. Соңғы 20 жылда бұл көрсеткіш 8,14 км3 шамасында болды. 2019 жылы ең төменгі 3,5 км3 шамасындағы жылдық ағын тіркелді. 2020 жылы ортакөпжылдық ағын 4,3 км3 құрады. Жайық өзенінің ахуалы мемлекет бақылауында және екі ел президенттері мен үкімет басшыларының деңгейіндегі кездесулерде өзен тағдырына қатысты мәселе талқыланып келеді. Өкінішке қарай алдын ала болжам бойынша судың аздығына байланысты цикл биыл да сақталады. Жайық өзенінің ерекшелігі – оның жылдық ағынының 70 пайызы су тасқыны болатын кезеңде толығады. Осы уақытта өзен суының 80 пайызы РФ және ҚР су қоймаларында жиналады. Соның салдарынан антропогендік фактор күшейе түсіп, өзеннің төменгі жағына су келмей жатыр. 2021 жылы Жайық өзенін экологиялық тұрғыда оңалтуға байланысты Қазақстан мен Ресейдің бірлесуімен бағдарлама қабылданды. Одан бөлек бірыңғай жол картасы аясында өзен бойындағы су шаруашылығы нысандарын жақсартуға байланысты зерттеу жұмысы жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе облыстарында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау үшін жасақталған іс-шара жоспарына сай 2025 жылға дейін 98 миллиард теңге қаржы жұмсау көзделуде, – деді жиынға онлайн жүйемен қатысқан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.
Жиында «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ директорының орынбасары Саят Әлімқұлов Жайық-Каспий су шаруашылық алабы табиғи су ресурстарының, өзен ағыны, атмосфералық жауын-шашын мен ауа температурасының көп жылдық тербелісі, су ресурстарының антропогендік өзгерісі туралы мағлұмат келтірді. «Толыққанды талдау үшін Жайық өзені бойында орналасқан барлық су қоймасындағы жағдай туралы ақпарат жетіспейді. Сондықтан бұл мәселе тек клиамттық ахуалға байланысты деп түйін жасауға болмайды. Әлбетте, жалпы өзен ағынының азайып кеткені анық байқалады. Бірақ бұған антропогендік фактор ықпал етіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Трансшекаралық өзеннің сақталуына қатысты мәселелерді қос тарап экологиялық және экономикалық тұрғыда бірлесіп шешуге мүдделі болуы керек. Жаңа ғана вице-министр Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау, су шаруашылығы нысандарын дамыту үшін кезең-кезеңімен миллиардтаған теңге бөлініп жатқанын айтты. Бірақ осы қаржыдан ғылыми-зерттеу жұмысына аталған қаржының бір пайызы да қарастырылмай отыр. Ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы – кешенді зерттеу жүргізудің бір ғана бөлігі. Гидрологиялық жұмысты барлау бар мәселені шешпейді, балық шаруашылығын, жануарлар әлемін және орман алқабын сақтап қалуға мүмкіндік беретін жан-жақты терең ғылыми зерттеу жүргізу ауадай қажет», – деді Саят Құрбанбайұлы.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті директорының орынбасары Наталья Даулетьярова «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы» жөнінде баяндады. «Қазгидромет» РММ бас директорының орынбасары Серік Саиров бірыңғай жол картасының жүзеге асуы және гидрологиялық болжам туралы айтты.
Жиында РФ Федералдық су ресурстар агенттігінің Төмен-Еділ бассейндік су басқармасы басшысының орынбасары Сергей Ридель және бірқатар сала мамандары мен еңбек ардагерлері Жайық өзенін сақтап қалуға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
85 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
80 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
82 0

Кіру
Пікір үстеу