«Бірлік» алтын медалі табысталды
Бүгін, Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында өткен «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты мерекелік шараға арнайы қатысқан облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиев бірқатар азаматтардың кеудесіне төсбелгі тағып, Алғыс хаттармен қуантты.
Алдымен ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен Шыңғырлау аудандық «Марычка» украин қоғамдық этномәдени бірлестігінің төрайымы Надежда Алиева наградталады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Алғыс хатымен ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіби механизаторы, жұмысшы маман Иван Бекмачев марапатталды.
Ал облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі Қанат Оразғалиев, Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Айнұр Отарбай, «Ағалар әуені» вокалдық ансамблі (жетекшісі Анвар Таумов), Журналистер клубының мүшесі, «Приуралье» газетінің тілшісі Светлана Аманова, Ақжайық ауданы «Раздолье» хоры (жетекшісі Анна Мартовицкая), Бәйтерек ауданы «Калинушка» орыс, «Шатлық» татар және «Риченька» украин халық шығармашылығы ұжымдарының жетекшісі Николай Новеньков, Теректі ауданы «Алтын гүл» татар этномәдени орталығының мүшесі Каримя Садыкова, Бөкей Ордасы ауданы «Луч добра» славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Дмитрий Семилиди, Бөрлі ауданы «Колокольчики» халықтық аспаптар ансамблі (жетекшісі Николай Кисилев), «Жомарт жан» орталығының мүшесі, «Оптомаркет» супермаркетінің басшысы Мирас Амангелді, «Сестры Маркины» фолк-дуэті, «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Зоя Абитова мен Наталья Сидорова, «Еднання» украин мәдени-ағарту қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Наталья Лавриненко, «Орал – Жайық казактары» қоғамдық этномәдени бірлестігінің мүшесі Татьяна Самсонова, «Масис» армян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Армен Амирханян, «Хаймат» Орал неміс мәдени-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Асхат Қараманов және басқада ұлт өкілдері марапатталды.
Марапаттан соң этностардың арасындағы бірлік пен достықты паш ететін мерекелік кеш қойылды.
«Жайық үні»
Бұл туралы мақаланың толықтай нұсқасын газеттің ертеңгі санынан оқисыздар.
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру