Бір атау екі үйге берілген
Ақпанның 8-і күні қала әкімі Миржан Сатқанов «Зенит» Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында жол, су, электр энергиясы, тұрғын үй, жер мәселелері қаралды.
Есептік кездесуде Кердері №77 көшесінің тұрғыны Н.Текебаев өзі тұратын «Адал» сауда үйінің маңындағы жайрап жатқан күл-қоқыстарды жинауға рейд жүргізуді өтінді. Сол жердегі қызыл кірпішті үйдің ауласындағы қоқыс салатын жәшік, әсіресе, кешкі сағат 6-дан кейін толып қалады. Базардағы саудагерлер бақылауға алынса деді. Сондай-ақ, бұрынғы «Ақжайық» мейрамханасының орны бұзылғанын, бұл жерді де қадағалауға алуын тұрғындар атынан өтінді.
Исатай-Махамбет №82 көшесінің тұрғыны Екатерина Правдина жаңа ХҚКО қасындағы бес қабатты үйдің маңында қараусыз жер тұрғанын және оған жүк көліктерімен жан-жақтан күл-қоқыс әкеліп тастайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Қаламқас Бисенғалиева Зашаған кентіне қарасты Мөңкеұлы, 115 көшесінде 9 және 5 қабатты үйдің екеуінде де «Мөңкеұлы №115» деген атау жазылғанын, тұрғындар жедел жәрдем көлігін шақырған кезде дәрігерлер мекенжайды шатыстырып алып, уақытында келмейтін айтты. Осы сұраққа орай қалалық архитектуралық бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Ташенбаев жауап берді.
Қала басшысы М.Сатқанов жиында жауапты мамандарға тапсырма беріп, жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру

Пікір үстеу