Батыс Қазақстан облысында 69 жастағы ақжаулықты әже алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Батыс Қазақстан облысында бүгін Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Өңірде 450 мыңнан астам азаматтың дауыс беруіне мүмкіндік бар. Таңғы сағат 07:00-де облыстағы барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.
Учаскеге алғашқылардың бірі болып келген 69 жастағы Слушаш әжей өз таңдауын жасады. Орал қаласының тұрғыны референдум күні алғашқы болып бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, шашу шашып, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
– Бірлік әрқашан маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқанда өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы – келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, — деді әже.
Айта кетейік, өңірде 488 референдум учаскесінде 450 544 азамат дауыс беруге құқылы. 7 тамыздан бастап әр сайлаушыға сайлауға шақырту таратылды. Оған дейін барлық қоғамдық орындарда Құрылтай сайлауы өтетіні туралы хабарландырулар, баннерлар ілініп, ЛЭД-экрандарда да құлақтандырулар көрсетілді.
Облыс бойынша жарғылық қызметінде сайлауды байқау қарастырылған 22 қоғамдық бірлестік аккредиттелген. Бұл туралы БҚО аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру