БАС ИМАМ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Кеше, 7 маусым күні ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шыңғырлау ауданында болды. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Әлия Беғазықызы облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан имамы Еламан Тимурұлын арнайы қабылдап, аудан аумағындағы діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы жаңа тағайындалған Еламан Баяділдің жаңа қызметімен құттықтап, асыл дінімізді насихаттау, имандылық жолына сәттілік тіледі.
Облыс имамы Шыңғырлау аудандық мешітіне арнайы келіп, жиналған қауыммен жүздесіп, «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды.
Жамағат өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу