8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2017 2697 0
Спорт

Балғын гимнастшылар

Тарих қойнауына енгелі тұрған мешін жылында

14 жасар Дана Өтежанова «Спорт шебері» атағын абыроймен қорғаса, 12 жастағы Азиза Дәуренова «Спорт шеберлігіне үміткер» атанды. Жуырда спорттық гимнастика бойынша Шымкентте өткен ҚР Жастар чемпионатынан жүлдемен оралған Дана алтыннан алқа тақса, Азиза күміс медальды олжалапты.
Спорттық гимнастикамен бес-алты жасынан айналыса бастаған Дана Алматы, Астана, Шымкент қалаларында өткен бірнеше үлкен жарыстарда бағын сынап үлгерген. – Спортты сабақпен қатар алып жүрмін. Әлі де биік жетістіктерге жеткім келеді, – деді №46 орта мектепте оқып жүрген жас спортшы. Ал Азиза Дәуренова – №26 орта мектептің оқушысы. Ол спорттық гимнастиканың денсаулығын шыңдауына, сымбатты болып бойжетуіне ықпал етеріне сенімді. Оған қоса қазақстандық танымал гимнастшы Әлия Юсуповаға еліктейтінін айтты. – Жарыстарға барып келгеннен кейін сабағыма да үлгеруге тырысамын. Биология, география, тарих пәндерін жақсы көремін, – дейді Азиза.

Оралдық қос спортшының жетістігі – оларды әрбір жарысқа дайындайтын жаттықтырушылардың өлшеусіз еңбегі. Олардың жеңісіне №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Айжан Мұсабекова мен Ирина Крепицаның қосқан үлесі зор. Олар бүгінде Ұлттық жастар құрамасының сапына қосылған Дана мен Азизаның  алда талай биіктен көрінеріне сенеді. Ел спортының дамуына үлес қосып, қаламыздың атағын аспандатып жүрген балғын спортшылар келер жылы Алматыда өтетін V Президент кубогына дайындалуда.

Ләззат ҚАЖЫМ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
32 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
34 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»