8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2023 2834 0
Білім

БҚУ-да жаңа жатақхана!

Бүгін, 23 қазан күні өңірдегі өрелі оқу орны – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 500 орындық тоғыз қабатты жаңа жатақхана ашылды.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, университет ұжымын құттықтады. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау бейнеролигін жолдады. Жаңа жатақхананың лентасын өңір басшысы Нариман Төреғалиев, университет ректоры Нұрлан Серғалиев және Педагогика факультетінің 4-курс студенті, ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері Гүлсезім Серікбаева кесті.

ЖОО Республика бойынша өз қаражаты есебінен жатақхана салу тәжірибесін алғаш рет жүзеге асырды. Нысан заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр секцияда ас бөлмесі, жатын, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын жасақталған.

Бұдан бөлек, студенттер үйінде фитнес залы,дәріхана, медициналық пункт, кафетерий және мұғалімдер мен кезекшілерге арналған бөлмелер пайдалануға берілмек. Жатақхана аумағы толық абаттандырылып, спорт алаңы тұрғызылды.

Жаңа жатақхана Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 89-тармағында көрсетілген «Студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу» тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Жатақхананың құрылысы мен пайдалануға беру барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арасында екі жақты келісімге қол қойылды. БҚУ басқарма төрағасы-ректор Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиев жобаға бастан аяқ жетекшілік етті. Нысанның құрылысын мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес Мердігер «BETA Services» ЖШС басшысы Шканов Бекболат Елемесұлы жүргізді.

Ақбөбек ЖӘРДЕМ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»