БҚО ӘКІМІ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі бір топ әйел-аналарды Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандар бар.
– Құрметті аналар! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен сіздерсіздер. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев «Әйел – әр шаңырақтың шаттығы, әр отбасының нұр шуағы. Әйел – мемлекеттің құт берекесі» деп сіздерді өте жоғары бағалайды. Сол себепті біздің елде отбасылық құндылықтар, әйелдер мүддесі үнемі жіті назарда. Өздеріңіз, куә болғандай, Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде аналарға, аз қамтылған отбасыларға үлкен қолдау болатынын жеткізді. Біз сол жұмысты бастап кеттік. Күні кеше Елбасымыз қосымша 1 шілдеде емес, көмекке мұқтаж азаматтар 1 сәуірден бастап қолдау алсын деді. Бұл – мемлекеттің үлкен қамқорлығы. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы, әсіресе, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған. Біздің облысымызда 21 000 аз қамтылған, 7000 көпбалалы отбасығае қамқорлық басталады. Түрлі салада қызмет етіп жүрген аз жалақы алатын 50 мыңнан аса азаматтың жалақылары 1 шілдеден бастап 25-30 пайызға көбейеді. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың да жәрдемақысы 30 пайызға өседі. Мұқтаж азаматтарға баспана салынады. Мұның бәрі – отбасын шайқалтпай, шамшырағын жағып отырған аналарымызға үлкен қолдау деп санаймыз. Жақсы жаңалықтар құтты болсын. Өздеріңіз өңіріміздің өркендеуіне де айтулы үлес қосып келесіздер. Заманауи отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамда әлеуметтік жаңару процесі. Біздің өңірде түрлі салада үлкен қызметте жүрген әйел-азаматшалар көп. Барлық аналарды сіздер арқылы құттықтағымыз келеді, – деген өңір басшысы Алтай Сейдірұлы барлық әйел азаматшаларға гүл шоқтары мен сый сияпатын табыстады.

Ақ Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева «Ризашылық» өлеңін оқып беріп, адамзаттың ұрпағын тәрбиелейтін аналарға игі тілегін жеткізді. Ақ дастархан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған аналар облыс басшысына ризашылықтарын білдірді. Салтанатты шара барысында жергілікті өнерпаздар кеш көрігін әсем әндерімен шырайландырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу