БҚО-ДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында 10 күн ішінде таиғатты қорғау заңнамасын бұзған 81 азамат жауапкершілікке тартылды.

Браконьерлік бүгінде экологиялық қылмыстардың ең көп таралған түрі. Полицейлердің сөзінше, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан халық арасында браконьерлік, яғни қолдануға болмайтын қарумен және тыйым салынған кезеңдерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдалану тыйылмай келеді.
Мәселен, 25 ақпан мен 7 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысы Полиция департменті жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөлімінің басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізген «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде 81 құқық бұзушы ұсталып, жауапқа тартылған. Олардың сегізі – қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Дәлірек айтқанда, үш тұлға ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-ншы бабы «Ағаштарды заңсыз оталағаны үшін», бесеуі Кодекстің 335-нші бабы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, өсімдіктерін заңсыз алғаны үшін» жауапқа тартылуда. Ал 73 заңбұзушы Әкімшілік-процессуалдық кодекстің 382-бабымен, яғни аңшылық ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.
Олардан 16 келі бекіре тұқымдас балық пен 300 келі балық түрлері және 43 дана құрма ау тәркіленген.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу