8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2019 5123 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТІРКЕЛДІ

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы облыста қызылша ауруының алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1980 жылы туылған пациент қаңтар айының соңында Астана қаласынан келген. Ақпан айының басында науқас 39,5°C дейінгі температурада, жөтел және тамақ ауруы туралы шағымымен медициналық мекемеге жүгінген. Үш күннен кейін оның бетінде, содан кейін денесінде және аяқтарында бөртпе пайда болады. Дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіліп, диагноз расталғаннан кейін ауруханаға жатқызылған.

Қызылша – бұл жылдам таралатын инфекциялық ауру, дене қызуының көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабынуы, теріде бөртпе пайда болуы белгілерімен білінеді. Бұл инфекция 100% шалдыққыштықпен сипатталады, яғни бұрын ауырмаған және екпе алмаған адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, онда ауырып қалу ықтималдылығы өте жоғары. Сондықтан, екпе мерзімін қатаң сақтау өте маңызды.

Аурудың инкубациялық кезеңі, яғни жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша 7-ден 14 күнге дейін созылады. Қызылшамен ауырған адам инкубация кезеңінің соңғы 2 күнінен бастап бөртпе шыққаннан кейінгі 4-ші күніне дейін басқа адамдарға жұқтыра алады. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап науқас инфекция көзі болып саналмайды. Аурудан кейін сауығып шыққан адам иммунитеті өмір бойына қалыптасады.

Аурудың алдын алудың жолы – вакцина алу. Аймақта вакциналар жеткілікті мөлшерде сатып алынған.

Айта кету керек, өңірде бұған дейін соңғы рет 2015 жылы қызылша ауруы тіркелген.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»