БҚО-ДАҒЫ ҚОС АУДАНДА ЖАҢА СОТ ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО сотының төрағасы Бек Әметов сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша белгіленген жеті басым бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар туралы айтып, «Үлгілі сот» басымдығы аясында Қаратөбе ауданында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталғанын, ал Тасқала ауданында жаңа ғимарат салынатынын айтты.

Қазіргі уақытта облыстағы соттардың жағдайын жақсарту, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру, олардың тиесілі құқықтық қызметті уақытылы, қолжетімді алуына жағдай жасалуда. Тағайындалған істердің уақытқа сай өтуі, аудио-бейнеқұралдармен жабдықталуы да үлгілі сот қалыптастырудың бірден бір тетігі екені даусыз. Облыстық сот төрағасының айтуынша, биыл өңірде екі жаңа сот ғимараты бой көтереді.
– Тасқала ауданындағы сот ғимараты ескі және ол қамысты құраммен салынған. Жөндеуге келмейді. Қазір осы мәселемен айналысудамыз. Бұйырса, жаңа ғимарат салынады. Қаратөбеде мүлде сот ғимараты болмаған еді. Өткен жылы жаңа ғимараттың құрылысын бастадық. Ол биыл аяқталады, – деді Бек Әметұлы.
Сонымен қатар сот төрағасы Орал қаласының №2 соты мен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимараттарында пайдаланушыларға көрсетілетін сот қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу