8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 2346 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ТҰМАУДЫҢ ЕҢ ҚАТЕРЛІ ТҮРІ ТІРКЕЛДІ

1 желтоқсаннан тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың эпидемиялық кезеңі басталды. БҚО-да тұмау бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдылық 24,2% төмендеген. 

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Жайдар Құрмановтың мәліметінше, биыл жіті респираторлық вирусты жұқпалармен 5 662 жағдай тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. 2018 жылдың 49 аптасында облысымызда тұмау вирусының қоршаған ортадағы айналымы байқалып, тұмаудың А (H1N1) вирусының 1 жағдайы тіркелген. А вирусы – тұмаудың ең қатерлі түрі.

– Тұмау және ЖРВЖ негізгі алдын алу шарасы вакцинация болып саналады. Жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина сатып алынды. Облыста 65 378 адам вакцина алды. Бұл облыс тұрғындарының 10,2%-ы, – деді Жайдар Бисембайұлы.

Жайдар Құрмановтың баяндауынша, 2018-2019 жылғы эпид.кезеңде тұмаудың 3 штаммасы айналымда болады.  A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, сонымен қатар B – Колорадо. Бұлар – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Қазақстанда қолданылатын вакциналардың құрамына енгізілген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»