8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2019 2150 0
Жалын

БҚО-ДА СПОРТ КОЛЛЕДЖІ АШЫЛАДЫ

Елбасы атап өткендей, әр өңірдегі бір жетекші  ЖОО Назарбаев университеті стандартымен деңгейлестірілуі қажет.  Өйткені Назарбаев университетінің оқыту жүйесі әлемдік стандартқа негізделген.  Сондай-ақ Елбасы облыс бойынша 10 колледжді таңдап, жаңартылған оқыту бағдарламасын енгізуді және сол оқу орындары арқылы басқа колледждарға тәжірибе тарату қажеттігін айтты. Жастар жылының ашылуына орай өткен жастар алаңы басқосуында БҚО әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес білім беру сапасын арттыруда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Батыс Қазақстан облысында екі мемлекеттік және бірнеше жеке жоғары оқу орны бар. 36 колледж жұмыс жасайды. Олардың басым бөлігі аудан орталықтарында орналасқан. Өңірдегі білім ұяларындағы мұғалімдердің 21 пайызы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің түлектері. Сондықтан аталмыш колледждің білім беру жүйесін заман талабына сай сәйкестендіру қолға алынады. Бұл Назарбаев зияткерлік мектептерімен келісім негізінде жүргізіледі. Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университеті арасында әріптестік байланыс орнатылады. Жоғары аграрлық техникалық колледжі мен Фин компаниясы арасындағы келісімшарт негізінде студенттерге 3D үлгісінде жобалау әдісі оқытылуда. Сондай-ақ облыс орталығында Спорт колледжі ашылмақ.

– Спорт колледжі биыл тапсырылады. Бұл колледж де барлық стандартқа сай болуы керек. Студенттерімізді оқыту үшін үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды тартатын боламыз.  Сонымен қатар ауылдарда спорт кешендері және «Нұр Отан» партиясымен бірге мектептер жанынан 100 спорт алаңы салынады, – деді облыс әкімі.

Алтай Сейдірұлы атап өткендей, сапалы және қолжетімді біліммен облыстағы 200 мыңдай жас қамтылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»