8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2020 2827 0
Қоғам

БҚО-ДА МЕКТЕПТЕРГЕ ӘЖЕТХАНА ОРНАТУҒА 310 МЛН.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұл туралы БҚО білім басқармасы хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында 379 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс жасайды. Онда 106 525 бала оқиды. Білім ұяларының 199-ы, яғни 52 пайызы 1980 жылға дейін салынған. Соның ішінде сегіз мектеп 1941 жылы бой көтерген екен. Сондай-ақ облыста 223 шағын жинақты мектеп бар.  Білім ошақтарының басым бөлігі бейімделген ғимараттарда болғандықтан, ішкі дәретханалардың жайы өзекті мәселелердің қатарында.

– Ағымдағы жылдың қаңтарында ҚР Үкіметінің  кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының «2020 жылдың соңына дейін барлық мектепке дейінгі ұйым мен мектептерді бейнебақылау жүйесімен және санитарлық-гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз ету» жөніндегі тапсырмасы бойынша облыс мектептерінің сыртта орналасқан әжетханаларын ғимараттың ішіне жайластыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 310 448,0 мың теңге бөлінді,  – деді басқарманың баспасөз қызметкері Үміт Жәңгірова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
86 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»