БҚО-ДА ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ
8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында мерекелік концерт өтті. Зал толы нәзік жандыларды БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтады.
– Армысыздар, қадірменді аналар, ақ жаулықты әжелер, құрметті ханымдар. Бүгін, міне, халықаралық әйелдер мерекесінде көрісіп отырмыз. Мереке баршаңызға құтты болсын. Сіздерге, әр отбасыға бақыт-береке, жақсылық тілеймін. «Ана – бір қолымен бесік тербесе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Ұлттың тәрбиесі отбасыдан, ошақтан басталады. Ал отбасының негізін құраушы – әйел. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз қоғамда өте жоғары. Осылай жарқырап, жайнап, көктемнің бүгінгі күніндей нұрланып жүре беріңіздер, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Мерекеге арналған бағдарламаны Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұсынып, концерт «Ана» әнімен басталды. Әсем ән, тамаша бимен көркемделген шара
«Тақиялы періште» кинофильмінен қойылған көрініспен айшықталды. Басты рөлдегі Ана образын белгілі актриса Әсел Мәмбетова сомдады.

Әншілердің орындауындағы әсем әуен мен өнерпаздар орындаған көркем би нәзік жанды аруларға әдемі көңіл күй сыйлады. Бұл концерт қоғамның әйелдерге деген айрықша құрметін айғақтаған шара болды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу