БҚО-ДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 10 ЖОБА ЕНГІЗІЛДІ
Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде толығырақ баяндады.

Облыс әкімінің баяндауынша, индустрияландыру картасы бойынша 10 млрд. теңгеге 300 жұмыс орнын құратын 10 жоба енгізілген. Оның біреуі шетелдік капитал арқылы жүзеге асты. Жыл қорытындысы бойынша бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызуға қатысты Теректі ауданы еліміздің 160 ауданының ішінен үздік шыққан. Бұдан өзге Шыңғырлау және Бәйтерек аудандары 15 үздік аудан құрамына енді. Шағын және орта бизнесте өнім шығару 1 трлн. Теңгені құраған. Соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш 40 пайызға өсіп отыр. Бұл салада өңірдің 116 мыңдай тұрғыны еңбек етіп келеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 140 млрд. теңгеден астқан. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны артқаны байқалады. Мал басының өсуі ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Есепті кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша 4 кәсіпорын іске қосылды. Олар «Желаев нан өнімдері комбинаты» макарон фабрикасы, «Кублей» ЖШС жануарлардың қалдықтарын қайта өңдеу зауыты, «Теректі май комбинаты» ЖШС май өндіру, «ПОШ-Руно» ЖШС-тері өңдеу. Соңғы 4 жылдың өзінде 8 ірі ирригациялық нысан қалпына келтірілген.
Өткен жылдың мамырында өңірге келген сапарында Мемлекет басшысы ірі кәсіпорынның жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Өз баяндамасында Алтай Сейдірұлы Президент тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелеріне тоқталды.

– Мәселен, «Конденсат» АҚ зауытына отын жеткізуде Энергетика министрлігімен кесте бекітілді. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ еуропалық компаниялармен жаңа технологияларды игеру жолдарын қарастыруда. «Омега» ауданындағы «Оралтрансформаторзауыты» аумағында екінші зауыт құрылысы жоспарлануда. «Квант» компаниясы өнімдерінің ассортиментін кеңейту үшін «Қазақстанның даму банкімен» келісімге қол қойылды, – деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу