8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2019 1784 0
Қоғам

БҚО-ДА ЕГІС АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

Биыл меморандумға сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 542,3 мың га. құрамақ. Бұл 2018 жылдан 25 мың гектарға, яғни 4,9 пайызға артық болмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте айтылды. 

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының сөзінше, нарықтағы сұранысқа және өндірістік тиімділігіне байланысты майлы дақылдар алқабы – 18,2%-ға, картоп – 2,4%-ға және көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары 7,5%-ға ұлғаяды деп күтілуде. Дәнді дақылдардың алқабы 265,0 мың гектары құрауы тиіс, оның 76,6 мың гектарына күздік дақылдар өткен жылдың күзінде егілген. Тиісінше, жаздық дәнді дақылдарды 188,4 мың га алқапқа егу жоспарланып отыр.

БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев атап өткендей, егіс алқаптарының құрылымына сәйкес жаздық дәнді дақылдар егу жоспарында жаздық бидай – 83,4 мың га немесе 44,3%, арпа – 85,0 мың га немесе 45%, тары – 4,4 мың га (2,3%) және басқа да дәнді дақылдар – 5,6 мың га (2,5%) болады деп көзделуде.

Майлы дақылдар 64,8 мың га болады деп күтіледі. Оның ішінде күнбағысты 51,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарын 10 000 га алқапқа егу жоспарланған. Оның ішінде картоп – 4 300 гектарға, көкөніс дақылдары – 3 800 гектарға, бақша дақылдары – 1 900 гектарға егіледі.

Ағымдағы жылы мал азықтық дақылдардың егісі 202,5 мың гектар құрауы тиіс. (2018 ж. – 175,7 мың га) оның ішінде біржылдық шөптер – 41,7 мың га, сүрлемдік дақылдар – 0,6 мың га, көпжылдық шөптер – 18,0 мың га. Өткен жылдардан қалған көпжылдық шөптердің алқабы 142,2 мың га.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»