БҚО-ДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМІ АРТТЫ
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 2047,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 95,6 пайызды құрады.

ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының cтатистика департаменті ұсынған мәлімет бойынша кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2018 жылғы қаңтар-қазанда 1843,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда нақты көлем индексі 95,5% құрады. Газ конденсатының өндірісі 3 пайызға төмендеген.
Өңдеу өнеркәсібінде 155,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 7,6 пайызға жоғары.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 31,7 пайызы тамақ өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. 2018 жылғы каңтар-қазанда 47158,4 млн. теңгенің тамақ өнімдері, 2109,8 млн. теңгенің сусындары шығарылған. Ірімшік және сүзбе – 39,6 пайыз. Ет және тағамдық қосымша өнімдер өндірісінің көлемі 4,7 есеге өскен.
Жеңіл өнеркәсіпте 1152,7 млн. теңгенінің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 164 пайызды құрап отыр.
Өзге металл емес минералдық өнімдер 10238,2 млн. теңгеге өндірілді. Нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 93,9 пайызды құрады. 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда құрылыс мақсатына пайдаланылатын бетоннан жасалған бұйымдар – 2,4 пайызға өскен.
Металлургия өнеркәсібінде 2018 жылғы қаңтар-қазанда өндіріс көлемі
16580,4 млн. теңгеге жеткен. Нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 130,1 пайыз құрады. Болаттан жасалған қырланған табақтар өндіру және болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі өсті.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 42,9 млрд. теңге. Нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне
88,1% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 6 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 15,7 пайызға төмен.
«Жайық үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу