8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2019 2324 0
Жалын

БҚО-ДА «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АРУЫ – 2019» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінде «Азаматтық қорғау аруы – 2019» байқауы өткізілді. Байқау мақсаты – қызметті, қызметкерлердің адамгершілік-эстетикалық және мәдени тәрбиесін насихаттау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс жүйесіндегі әйелдер арасынан дарындыларды анықтау және дамыту. Үздік ару атағына лайық болу үшін қыздар өздерінің кәсібилігін, жақсы спорттық дайындығын, шығармашылық қабілеті мен даралығын көрсетуі керек болды.

Департаменттің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарып жүрген 7 сүйкімді қатысушысы көрермендер мен талғампаз қазылар алқасы назарына түрлі жанрдағы өз өнерлерін ұсынды. Қыздардан өзі, қызметі және оларға табиғат сыйлаған дарынын көрсететін әуестіктері туралы мейлінше соны сипатта айту талап етілді.

«Визит карточкасы» атты бірінші кезеңде қазылар алқасы мен көрермендерді алғашқы сәттен таңғалдыру үшін қыздардың біреуі өзін романтикалық ару ретінде, ал енді біреулері іскерлік және спорт жағынан көрсетуге тырысты.

«Мен және менің кәсібім» атты екінші кезеңде байқауға қатысушылар бірегей формада өз кәсібі мен азаматтық қорғау қызметін таныстырды.

Бұлардан кейінгі «Дарынды ару», «Өнерлі ару», «Зияткер ару» кезеңдерінде байқау қатысушылары өздерінің би билеу, ән айту, мәнерлеп өлең оқу, сондай-ақ өздері дайындаған тағамдарының дайындалуын айтып, қосымша қазылар алқасының сұрағына жауап берген аспаздық өнер номерлерін көрсетті.

«Салтанатты» ару» атты соңғы кезеңде әрбір қатысушы мінбеде тамаша кешкі көйлектерімен жарқырады. Мінбеде болған бірнеше сәтте қыздар өз сұлулығын ғана емес, сонымен қатар талғамын, мінбеде жүре білуін және сахнада өзін ұстауды көрсету керек болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Азаматтық қорғау аруы» құрметті атағы өткен мейрамның ең сұлуы БҚО ТЖД психологы Айтолқын Өтемісоваға берілді.

Бірінші орынды БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Дана Серикова, екінші орынды БҚО ТЖД тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы Салатанат Абдушева иеленсе, құрметті үшінші орынды «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкері Салтанат Бердашева алды.

Байқау соңында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары және шебер сөз сөйлегендері, көрермендерге нағыз мереке сыйлағандары үшін алғыс айтты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»