8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2019 2069 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА АУДАНДАРҒА ЖОЛ САЛУ БАСТАЛАДЫ

БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде Елбасы тапсырмасы бойынша биыл Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына жол салу басталатынын мәлім етті.

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті

 

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының әрекет етуі  2025 жылға дейін ұзартылды. Бағдарлама аймақтарға жол, сумен жабдықтау, газдандыру бойынша жаңа жобаларға маңызды қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарламалар аясында өңірімізге 36,3 млрд. теңге бөлінген.

– Ерекше айта кетерлік жайт, шалғай аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын автожолдарды дамыту бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру ерекше бақылауда. Республикалық маңызға ие Орынборға дейінгі 144 шақырым жолын қайта жаңғырту бойынша «Қазавтожолдың» қатысуымен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды, жол құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда, – деген өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына апаратын 275 шақырым – республикалық маңызды автожол құрылысына, «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын жеткізді. Жол құрылысы осы жылда басталады. Алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады.

450 шақырымдық автомобиль жолдарының құрылысына 32 млрд. теңге бөлінген. Соңғы үш жылда 1 мың шақырымнан аса автожолдар жөнделген. Есепті кезеңде Саратов трассасының 104 шақырымын жөндеу аяқталған. Орал қаласында жолдарды жөндеуге 8,8 млрд. теңге қарастырылса, бүгінде 50 көше, яғни 50 шақырымдық жол жасалған. Бұдан өзге «Депо» ауданындағы көпір пайдалануға берілді. Өткен жылдың қараша айынан бастап «Омега» ауданындағы көпір жабылып, құрылыс басталды. Алтай Сейдірұлы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жол құрылысы жалғасатынын айтты.

 

 

«Жайық үні» гезеті

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»