БҚО-ДА АККУМУЛЯТОРЛЫҚ БАТАРЕЯЛАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ
Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің төрағалығымен инвесторлар кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте «Қайнар-АКБ» ЖШС-ның көліктің әр түріне арналған стартерлік аккумулятор батареяларын шығару жөніндегі жобасы мақұлданды.
Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам БҚО әкімі Ғали Есқалиев пен «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Серікбай Ажмағамбетов арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.
Зауыттың қуаттылығы жылына 1,2 млн дана қорғасын-қышқылды аккумуляторларды құрайды, бұл ретте жоспарланған күрделі салымдар шамамен 40 млн АҚШ долларын құрайды. Аталған зауыттың құрылысы 2022 жылдың екінші тоқсанында басталады, ал жаңа зауытты іске қосу 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Компания өзінің экспортқа бағытталған өндірістік қуаттарын кеңейту туралы шешім қабылдады.
БҚО – Еуропа мен Орталық Ресейге ең жақын аймақ, бұл зауыттың өңірде орналасуының негізгі факторы болды. Бұл жеткізу мерзімі мен логистиканың құнын қысқартуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «Қайнар-АКБ» ЖШС 45 жылға жуық тәжірибесі бар, жеңіл, жүк, ауыл шаруашылығы және қорғаныс көліктеріне арналған стартерлік аккумулятор батареяларын өндіруге маманданған. Батареялар Kainar, Bars, Вожак, Unikum, Nomad брендтерімен шығарылады. Зауыт дайын өнімді ТМД, ҚХР, БАӘ, Ауғанстан, Италия сияқты 15 елге экспорттайды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу