БҚО-ДА 4 АЙ ІШІНДЕ 160 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Бұл туралы БҚО ТЖД мәлім етті. Өрт салдарынан 3 адам қаза тапты. Осы өрттердің 106-сы немесе 67 %-ы тұрғын үй секторында орын алған. Осы орайда БҚО ТЖД Зілзалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы тұрмыстағы өрттердің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін әрдайым есте сақтау қажеттігін ескертеді.

Біріншіден, электр қуатын пайдаланғанда үтікті, плитканы, шәйнекті және басқа да электр құрылғыларын тек жарамды жағдайда және отқа төзімді қабырға болған кезде қосыңыз. Жанатын заттар мен ағаш құрылымдардың жанында электр құрылғыларын орналастырмаңыз. Электр шамдары қағаз бен матаға тимейтініне көз жеткізіңіз. Үйден шығарда электр жарығын өшіруді ұмытпаңыз. Электр құрылғысын, оның ішінде теледидарды, компьютерлерді және басқа заттарды (тоңазытқышты қоспағанда) розеткадан ажыратыңыз;
Қолдан жасалған сақтандырғыштарды, электр ұзартқыш сымдарды, уақытша электр сымдары мен розеткаларды өз бетіңізбен пайдаланбаңыз. Электр желісінің артық жүктелуіне себеп болатын бірнеше қуатты электр тұтынушысын (электр пеші, электр шкафы, шәйнек және т.б.) бір мезгілде қосуға жол бермеңіз. Сондай-ақ, электр сымына су тию, олардың үстінен тұсқағаздар жапсыру, шегелерге ілу, керіп қою, түйіп қою аса қауіпті. Тозығы жеткен біріктіру сымдарын, ажыратқыштарды, розеткаларды, жалаңаш сымдарды қолданбаңыз. Барлық электр құрылғыларының жарамдылығы мен тазалығын қадағалау керек. Ал, электр монтаждау және жөндеу жұмыстары тек білікті мамандарға сеніп тапсырылуы тиіс;
Газдың әрқашан қауіпті екенін ұмытпаңыз. Егер пәтерде газдың иісін сезсеңіз, онда электр жарығын қосуға, сіріңке тұтатуға болмайды. Бұл жағдайда жедел түрде «104» жедел қызметіне қоңырау шалып, газ қызметкерлері үйге келгенге дейін ғимаратты мұқият тексеріп, желдетіп шығыңыз. Газ құбырын іске қосқан кезде газ құрылғы крандарының жабылған-жабылмағанын тексеріңіз. Газ горелкасын (оттығын) қоспас бұрын алдымен сіріңке тұтатып, содан кейін қыздырғыш кранын қосыңыз. Газ жабдығын қараусыз қалдырмаңыз және газ пешінің үстіне киім кептірмеңіз;
Бензинді, ацетонды, керосинді, ерітінділерді пайдалану кезінде шылым шегу немесе сіріңке тұтатуға рұқсат етілмейді. Көптеген тұрмыстық химиялық заттар (мастика, нитро-бояулар, лактар, желімдер және басқалары), әсіресе аэрозольді қаптамалар өрт шығу қаупін арттырады. Ешбір жағдайда өрт қаупі бар мастиктерді (БМ, гамма, скипидар, силикондағы айналар және т.б.) ашық отқа қыздырмаңыз. Еденге линолеум мен плиткалар төсеу және лактау жұмыстары кезінде шылым шегу мен от жағу да қауіпті;
Көп жағдайда пәтерлердегі өрттің шығуы шылым шегу салдарынан болып жатады. Әсіресе ішімдік ішкен адамның шылым шегуі қауіпті күшейтеді;
Жертөлеге, шатырға, сарайға, қоймаға, гаражға кірген кезде темекі шегуге және жарықтандыру үшін сіріңке немесе майшамды қолдануға жол бермеңіз;
Аулада ескі жиһазды, күл-қоқыс пен түскен (қураған) жапырақтарды жағу – тұрғын үйдегі өрттердің себептерінің бірі;
Газ пеші немесе электр аспаптары қосулы тұрғанда балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
Саты, дәліз, авариялық шығу жолдары өрт болған жағдайда қауіпсіз аймаққа шығу жолы болы табылады. Саты алаңының астын қойма ретінде пайдалануға, дәлізді бөгеуге, төтенше шығу жолдарын бітеп қоюға тыйым салынады. Сонымен қатар, жертөлелер мен шатырларды таза ұстаңыз.

Өрт шыққан немесе түтін тараған жағдайда нақты мекенжайыңызды айтып, өрт сөндіру қызметінің «101» телефонына хабарлаңыз.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу