БҚАТУ СТУДЕНТТЕРІ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева мен Аветик Амирханян келді. Депутаттар белсенді студенттермен кездесіп, еркін форматта пікірлесті.
Облысымызға жұмыс сапарымен келіп, жоғары оқу орнына арнайы ат басын бұрған Мәжілісмендер алдымен Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің қабылдауында болды.
Оқу орнының коворкинг-орталығында ұйымдастырылған кездесуді тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов жүргізді. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Аветик Амирханян: – Мен Жәңгір хан университетімен бұрыннан жақсы таныспын. Бұл – еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі. Сіздердің көптеген студенттеріңіз біздің Оралдағы құрылыс компаниясында тәжірибеден өтті. Сондықтан бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Ел болашағына сіздердің де қосар үлестеріңіз зор. Отыз жылдық тарихы бар тәуелсіз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Өмір бір орында тұрмайды, алдағы уақытта да жақсы өзгерістер болады, – деп, әңгімені елдегі бүгінгі ахуалдан бастады. Мәжіліс депутаты жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы», оның елімізге тигізген зардабы туралы айтып өтіп, жастарды осындай ел ішіне іріткі салатын қақтығыстардан сақ болуға, теріс пиғылды арандатушылардың арбауына түспеуге шақырды. Өздерінің жұмыс сапарларының мақсатынан да хабардар етті.
Жастармен жүздесу, олардың ой-пікірін білу маңызды екенін жеткізген жерлесіміз Снежанна Имашева «Жаңа Қазақстанды» құратын жас буыннан үлкен үміт күтетінін айтты. «Жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адам өз Отанына ешқашан қастық ойламайды. Солардың бірі – сіздер секілді білімді, талапты жастар» деді депутат.
Университеттің белсенді білім алушыларының атынан сөз алған студенттік ректор Омархан Нияз өздерімен кездесуге келген мәжілісмендерге алғыс білдірді. Бұдан әрі студенттер меймандарға сауалдарын жолдады. Олар «Қазақстан халқына» қорын құрудағы мақсат-міндеттер, еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, байланыс операторларының тарифтері мен азық-түлік бағасының тұрақсыздығы, студенттер шәкіртақысының мамандықтарға байланысты әр түрлі мөлшерде төленуі сынды мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін жеткізді.
БҚАТУ медиа-орталығы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу