ҚАЗИИТУ-ДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ
15 ақпан – Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан елінен шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлік сабағын өткізді.

Студенттер сарайында өткен салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленко, Ауған соғысының ардагерлері Анатолия Боровский, Болат Исеев, Александр Адайгужиев, запастағы офицер Талғат Рахметов, Қазақстан полициясының үздіктері Жамболат Қонақбаев, Ертай Қарағойшиев, Бекембай Насимулин және қаладағы 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысып, жас ұрпаққа өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті. Жиында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов студенттерді елін, жерін қорғауға, Отанын сүюге шақыратын мұндай өнегелі кездесулердің қажет екенін айтып, тарихқа шолу жасап, ел басына күн туғанда өліспей, беріспеген батырлардың ерлігін жастарға үлгі етті. Кездесу барысында сол кездегі жас жауынгерлердің Отаны үшін от кешкен күндерін бейнелейтін бейнеқойылымдар ерекше әсер сыйлады. Өз кезегінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры Әліби Баяхов 2018 жылы 23 қазанда Беларуссия ғылым академиясының шақыруымен ғылыми жобалар бойынша Брест қамалына баруға мүмкіндік туғанын жеткізіп, Брест қамалынан арнайы әкелінген топырақты университеттің музейіне табыс етті.

Шара соңында жиналғандар оқу орны базасындағы «Ерлік» әскери-патриоттық клубының таныстырылымын тамашалады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу