Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты жылда 4 есеге өсті
Қазақстанда жаңартылатын энергетика секторын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. Соңғы алты жылда елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі төрт есеге – 2%-дан 8%-ға дейін өсті.
Көрсеткіштің өсуі мемлекеттік саясаттың жүйелі шараларын іске асыру, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар өткізу, инвестициялар тарту және жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу нәтижесінде қамтамасыз етілді.
Бүгінде елімізде жалпы белгіленген қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 71 жел электр станциясы және 54 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар 44 гидроэлектр станциясы және үш биогаз станциясы жұмыс істеп тұр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандары 8,6 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Бір жыл ішінде жалпы қуаты 500 МВт-тан асатын тоғыз жаңа нысан пайдалануға берілді.
Саланы дамыту жұмыстары 2026 жылы да жалғасуда. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір гидроэлектр станциясы бар. Жыл қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 8,8 млрд кВт·сағ-қа жетеді деп күтілуде.
Жақын перспективада жалпы қуаты 3,6 ГВт болатын шамамен 100 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, жалпы қуаты тағы 4 ГВт болатын ірі ЖЭК жобалары пысықталуда.
Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылды. Олардың қатысуы заманауи технологиялар мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта бұл шаралар елдің энергия теңгеріміндегі таза энергетиканың үлесін арттыруға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру