8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2021 1293 0
Дені сау ұлт

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 84 ПАЙЫЗЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Денсаулық сақтау министрілігің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов  Шамамен 16 млн. қазақстандық немесе халықтың 84 пайызы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асады: жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн. тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет төлемеген.

«Жазда ай сайын 42500 алып жүрген кезде, жеке тұлғалар жаппай БЖТ төлей бастаған болатын. Солай жалғаса бергенде МӘМС жүйесі халықтың 92 пайызын қамтитын еді. Халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыс істеуді жалғастыру қажет – өңірлердің әкімдіктері «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдері мен медициналық ұйымдарды жұмылдыра отырып, өңірлік штабтардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл мәселеге әсіресе Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері баса назар аударған жөн. Бұл өңірлерде медициналық сақтандыруға қатысушылар саны халықтың 80 пайызынан аз», – деп атап өтті ӘСМҚ басшысы Болат Төкежанов.

2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар ретінде 550 млрд. теңге түсті. Оның ішінде азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін мемлекеттің төлеген үлесі – 297,6 млрд теңге немесе барлық түскен қаражаттың 54 пайызы. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін  162 млрд теңге (29 пайызы) аударды.

Жұмысшылар 72,2 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер 10,4 млрд теңге, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген тұлғалар 2,3 млрд теңге, БЖТ төлеушілер 2,8 млрд теңге, өзі үшін төлейтіндер 2,3 млрд теңге аударған.

Өңірлерді алып қарағанда, МӘМС жарнасын төлеу бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы алда келе жатыр.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»