8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2021 1607 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ИТ-МЫСЫҚТАРДЫ ЧИПТЕУ МІНДЕТТЕЛМЕК. БҰЛ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ ҚАНША

Елімізде 2023 жылдан бастап үй жануарларын тіркеуден өткізу міндеттелмек. Ит-мысықтарды тіркеу чиптеу арқылы жүргізіледі.

Үй жануарларын чиптеу қалай жүзеге асырылады?

Алматылық “Атлас” ветеринарлық емхананың мамандары үй жануарларын тіркеу, яғни чиптеудің ине салу арқылы жүзеге асатынын айтады. Чип жануардың мойын мен арқасы тұсының ортасына енгізіледі. Ветеринарлардың сөзінше, чип ит-мысықтардың қозғалысына кедергі келтірмейді.

“Үй жануарлары мұны сезбей де қалады әрі қозғалыс кезінде ыңғайсыздық тудырмайды. Микрочипте жануар туралы барлық дерек сақталады. 15 саннан тұратын тіркеу нөмірімен екпелер және айрықша белгілері жайлы, дерттерінің тарихы туралы мәліметтерді оқуға болады. Сәйкестендіру арнайы сканер арқылы жүзеге асырылады. Жануар чиптелген соң чиптің штрих-коды ветеринарлық паспортқа жабыстырылады және қажет жағдайда 2-3 штрих-код артық беріледі. Дегенмен, бұл чип арқылы жануардың жүріс-тұрысын бақылап тұра аласыз деген сөз емес. Себебі чипте ондай деректер болмайды”, – дейді ветеринариялық емхана қызметкері.

Ол чиптеу көп уақытты алмайтынын, ары кетсе, 10 минутқа созылатынын атап өтті. Айтуынша, чип енгізілген үй жануарын ветеринардың қарауында қалдыру міндетті емес.

Чипті енгізген соң, үй жануарлары туралы ақпарат ветеринарлық бақылау комитеті арқылы ғаламтордағы арнайы деректер базасына енгізіледі. Дегенмен, мамандар елімізде жануарлар жайлы ақпарат сақталатын бірыңғай қор жоқтығын тілге тиек етті.

Чиптеу қызметінің құны қанша? 

Үй жануарларын чиптеу қызметінің құны Алматыда қай емхананы таңдағаныңызға байланысты әркелкі:  2000 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін жетеді.

“Чиптеу үшін жануардың өзі және ветеринарлық құжаты болуы міндетті. Егер құжаты болмаса, жаңадан ашу қажет. Бұл үшін қосымша қаржы, шамамен 2000 теңге төлейсіз. Сонымен қатар чиптеу кезінде құтыруға қарсы екпе салғызу міндетті емес. Бұл екпе мерзіміне байланысты. Егер екпе уақыты чип енгізумен қатар келсе, екпені жануарды тіркеген соң бір күннен кейін салғызған жөн. Жалпы чиптеу екпе салғызу мерзіміне әсер етпейді”, –дейді “Мастроскин” үй жануарлары емханасының қызметкері.

Бір айта кетерлігі, қаладағы жануарларға арналған емханалардың қызметкерлері чиптің жетіспеушілігі байқалатынын қосты. Әсіресе соңғы кездері ит пен мысықтарды тіркейтіндердің қатары көбейген.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар үй жануарларын өз қаражаты есебінен міндетті есепке тұрғызуы керек екені айтылған болатын. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді. Оның сөзінше, үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Үй жануарларын ұстайтындар қазақстандықтар енді оларды тіркеуге тұрғызуы тиіс. Тіркелмеген жағдайда үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Заң жобасы үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Оны жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген», – деді ол.

https://stan.kz/zhanuardi-chipteu-kansha-uakit-aladi-zhane-bagalari-kan-353575/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»