15 Сәуір 2019 1690 0
Қалалықтар қаперінеҚазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан халқының саны 18 млн 431,5 мың адамға жетіп, 2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда 235,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған кезеңдегі халық саны 10 млн 721,5 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 710 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрады. Осы жылдың қаңтар-ақпанында республикада 1 жасқа дейінгі 615 сәби (өткен жылдың қаңтар-ақпанында – 587) өлімі тіркелді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 4,8 пайызға кеміді. 2019 жылдың қаңтарында сәби өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген балаға шаққанда 9,9 оқиға болды. Сәби өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңінде пайда болған жағдай саналады. Оның салдарынан қаңтар-ақпанда 323 бала шетінеді. Туа біткен ауытқудан 113, тыныс алу мүшелері ауруынан 56, төтенше жағдайлардан 19 бала көз жұмды. Осы жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 16,2 пайызға, кетушілердің саны 16,2 пайызға артты. Негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,5 пайызды және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 89,5 пайыз болды. Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 3,7 пайызға артты. Өңіраралық қоныс аударуда көші-қонның оң сальдосы Батыс Қазақстан (7 адам), Маңғыстау (69), Түркістан (142) облыстарында және Нұр-сұлтан (4 146) мен Алматы (4 632) қалаларында тіркелген.
https://www.inform.kz/kz/1-nauryzda-kazakstan-halkynyn-sany-18-43-mln-adamga-zhetti_a3517070
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/1-nauryzda-kazakstan-halkynyn-sany-18-43-mln-adamga-zhetti_a3517070
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
92 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
95 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
90 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
90 0

Кіру
Пікір үстеу