8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Желтоқсан 2018 1842 0
Қоғам

ҚАЗАҚҚА ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЖАҚЫН?

           Міне, көзді ашып-жұмғанша, 2019 жыл да келіп қалды. Шыны керек, соңғы жылдары Жаңа жылдың да мәні мен сәні кетіп бара жатқандай… Жаңа жылдың «сиқырлы» күндерінде армандардың орындалуына сенетіндер де азайып барады… Шын мәнінде қазақтың Жаңа жылы қайсысы: күн мен түн теңесетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз ба, әлде Қаңтарда ма?

 

Албена ҚУАТОВА, қаладағы №45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

– Жаңа жылды тойламаймыз, бірақ қарсы аламыз. Себебі жыл жаңарады. Дүние жүзі бойынша жыл өзгеретіндіктен, ел болып қарсы аламыз. Ал наурызды тойлауымыз керек. Алайда өңірімізде Наурыз мерекесін тойлауда жайбарақаттық басым. Жаңа жылдағыдай балаларға сыйлық сыйлап, Қыдыр ата келеді деген түсінік қалыптастырсақ… Жаңа жылда шыршаларды ерте құрып дайындалғанымыз сияқты наурыз айы басталысымен көшелерде киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық дәстүрге құрмет көрсетілсе, балалар да ұлттық мейрамды сезінер еді. Әйтпесе, әр жерде концерт өтіп жатады. Оны көпшілік халық білмей де қалады. Және оған кез келген адам бара алмайды. Сондықтан мұндай концерттер  әр орталық көшеде ұйымдастырылса, жұртшылық тарапынан құлшыныс пен қызығушылық болар еді. Ал өз отбасымызда наурыз кезінде ғана балалармен ұлттық ойындар ойнап, ұлттық тағам түрлерін пісіріп, келген қонаққа ұсынуға дайындаламыз. Келген қонақтардың да ұлттық киім киіп келуін талап етеміз. Қонақтармен түрлі ұлттық ойын түрлерін бірге ойнаймыз. Бұл дәстүрімізге айналды десе де болады. Жалғыз мен емес, көптеген адамдар осы пікірді қолдайды. Наурыздың қоғамдағы рөлін күшейту үшін көп болып бірігу керек деген ойдамын.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»