8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2019 1856 0
Қоғам

«АУЛАДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

 ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланыс орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында 16-17 тамыз күндері өңірімізде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтуде.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдауда. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндігі бар.

Бүгін Орал қаласы полиция басқармасының бастамасымен «Аулада қабылдау» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесу тәуліктің алғашқы жартысында қаланың Ремзауыт ауданы, Ружейников көшесі №12 үй ауласында  өтті. Таңертеңгі сағат 09.00-12.00 аралығында басқарманың басшылары, осы аудан тұрғындарына қызмет көрсететін №10 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары мен мектеп инспекторлары  №12 үй тұрғындарын, іргелес аула тұрғындарын  мазалаған жеке сұрақтарымен қабылдады. Түскі сағат 12.00-ге дейін 11 тұрғынға қабылдау жүргізілді. Бұл мекенжай 5 қабатты, жәйлі пәтерлі үй екен. Полициялардың алдына қабылдауға келген тұрғындардың дені  егде жастағы қариялар мен жас аналар, жастар легі де  көп болды. Кей тұрғындар кезекке тұрып, рет-ретімен сұрақтарын жолдады. Әсіресе, №10 учаскелік полиция пунктінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріп, қайсыбірін патрульдік полиция баталоны бастықтарына жолдады. №12 үй тұрғындары ауладағы бағанның ұшар басына орнатылған бейнебақылау камерасы іске қосылған ба, бұған дейінгі  осы аулада орын алған  көлік тонау фактілері бейнекамераға жазылмаған, неліктен, көліктердің есігін бұзып, салонын тонаған қылмыскерлер құрықталмайды, қылмыстар ашылды ма, неліктен тәртіп сақшылары себепсіз көшеде көлік тоқтатады, тоқтатқан жағдайда себебін түсіндірмей ме? деген мазмұндағы сұрақтарын қойды. Тәртіп сақшылары  үйлерінің алдында демалып отырған қарттармен сөйлесіп, түнгі сағат 23.00-ден кейінгі аула тыныштығы, жасөспірімдер тәрбиесі, үнемі алкоголь ішетіндердің есепке алынғаны туралы сөйлесті.

Ремзауыт ауданында №2, №13, №33 мектептер, №12 А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, 1 балабақша бар. Бұдан әрі аулада қабылдау акциясы Меңдешов көшесі №11-үй, Затон Чапаев ауданындағы №6/1-үй, Гагарин көшесіндегі №2/1, 2/8, 2/2, Жамбыл көшесіндегі №40/1, 40/2-үй аулаларында жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүламан Исмағұлова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»