АУА РАЙЫНЫҢ ҚҰБЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ КЕҢЕС ӨТТІ
Синоптиктер ертең, 25 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы аумағында қатты боран соғып, қар жаууы ықтимал деп болжам жасап отыр. Жел ұйытқып, көктайғақ болады деп күтілуде. Осыған орай бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев әкімдік жанындағы төтенше жағдай жөніндегі комиссия мүшелерін, коммуналдық қызмет саласы мамандарын, ПИК жетекшілерін жинап, шұғыл кеңес өткізді.

«Батыс су арнасы» АҚ, «Жайық жылу қуат» АҚ, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басшылары тұрғындар тарапынан шағымдар жоқ екенін, жұмыс қалыпты жүріп жатқанын жеткізді. Қалаға қарасты округтерде коммуналдық сала бойынша жағдай тұрақты, қар штаттық кестеге сай шығарылуда. Елдімекендерге жол аршылуда. ПИК-тер де қар тазалығына белсенді кіріскен. Дегенмен, абаттандыру жұмысына немқұрайлы қарайтын ПИК-тер де бар. Қала басшысы бұл ПИК-термен жекелей жұмыс жасау қажеттігін және құмды қоспалармен қамтамасыз етуді тапсырды.
– Адамдарға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Ертеңгі түсетін қар болжам бойынша 12-13 см. болады деп күтілуде. Қолда бар техникалардың барлығын және қосымша техникаларды жұмылдыруымыз қажет. Түні бойы қар тазалайтын автотізбекті де 5-7 көліктен кем қылмаған дұрыс. Өзімнен бастап барлық бірінші басшылар кезекшілікте болады. Ертеңгісін жұмыс уақыты басталғанша қала көшелерін тазалап үлгеру керек. Сондықтан ПИК-тер де жұмысшыларын ертемен жұмысқа шығаруларын сұраймын. Қоғамдық көліктердің жол қозғалысына кедергі болмайтындай жағдай жасау – міндет, – деді Мұрат Рахметұлы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу