8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2019 2054 0
Қоғам

АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН АКТИВ ЖИЫНЫНДА ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін, 10 сәуір күні Оралдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде «ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы» актив өтті.

Жиынға қатысқан БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этно-мәдени орталық жетекшілері, саяси партия, қоғамдық бірлестік өкілдері мен оқу орны оқытушылары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, Қоғамдық келісім кеңесі, аналар, ақсақалдар кеңестерінің мүшелері ҚР Президентін кезектен тыс сайлау туралы өз ойларын ортаға салды.

Модератор Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуіне тоқталды. Мемлекет басшысы демократиялық, егемен мемлекетімізді халық таңдаған адамның басқаруы керектігіне мән бергенін, осыған орай, 2019 жылдың 9 маусымына кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлім етті.

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «БҚО Автобус паркі» ЖШС директоры Нұрлыбек Бірманов республикадағы қоғамдық-саяси жағдайға қысқаша тоқталып, өзінің ой-пікірін білдірді және жиналғандарды саяси науқанға қатысуға шақырды.

Аналар кеңесінің мүшесі Алтынай Исқалиева Отанымыздың гүлденіп, өркендеуі басшыға байланысты екенін айтып, өз таңдауын жасау үшін сайлауға қатысатынын жеткізді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Д.Танзенов, «ЛАМЕД» еврей қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ф.Баюканский, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығының төрағасы Д.Саратов, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері де өз ойларымен бөлісті.

 

Р.ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТІ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»