8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2022 1107 0
Руханият

Апталыққа атсалысайық!

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-сі 18-22 сәуір аралығын «Ұлттық құндылықтар апталығы» деп жариялады.

Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды мәселесі.  Осы орайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы  қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін 18-22 сәуір аралығын «Ұлттық құндылықтар апталығы»  деп  жоспарлаған еді. Апталықтың мақсаты  қала тұрғындарына салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар,  ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және мерекелік ән-шашу сыйлау. Айталық, жасыл  тынымбақта облыс тұрғындары арасында асық ату,  арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан  жарыс және мерекелік ән шашу кеші өтсе, 19 сәуір күні Н. Островский атындағы орыс драма театры алдында  гір көтеру, қол күресі ұлттық ойындары болды. «Gracia» шығармашылық шеберханасының қатысуымен көрме өтті.

Бүгін, 20 сәуір күні 16.00де «Рухани жаңғыру» музейінде тақия тігу, құрақ құраудан шеберлік сағаты болады. 21-22 сәуір күндері қала тұрғындарына мерекелік көңіл–күй сыйлаймыз. Сонымен қатар сауда үйлерінде, супермаркет, базарларда, саябақтарда қала тұрғындарына салт-дәстүр бойынша сұрақ қоямыз. Салт-дәстүрімізді жаңдандыру мақсатында шаралар өткіземіз.

 

Гүлнұр ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

БҚО  жастармен  жұмыс жөніндегі  жастар  ресурстық орталығының  ақпараттық бөлім  басшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»