8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2021 3084 0
Өзек

АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАН ҚАШЫП, БАСҚА КӨЛІКТІ ТҮЙДІ

Оралда Газель жүргізушісі жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатымен көлікті басқа бағытқа бұрып, жол жиегінде тұрған көлікке  соқтығысты.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс атқарды.


Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.29-да М.Мәметова көшесінде орын алды. Газель автокөлігі батыс бағытта бет алып, қозғалып келе жатқан. Осы уақытта Мәметова көшесіндегі 69-үйдің ауласынан Раф4 автокөлігі шығып, апатты жағдай туғызды. Газель көлігінің жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін қарсы жолаққа шығуға мәжбүр болған. Нәтижесінде жол жиегінде тұрған «Фольксваген Пассат»автокөлігімен соқтығысқан. Соқтығысудан екі көлік арыққа түсіп кетті.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі  хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісіне залал келді. Газель жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар  полиция қызметкерлері авариялық жағдай туғызған Раф4 көлік құралының жүргізушісінің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
91 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
86 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»