Қала әкімінің шешімі жарияланды
Бүгін түсте қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев пен қалалық Төтенше жағдай департаменті басқармасының басшысы Амангелді Ешмұқанов БАҚ өкілдерінің қатысумен су басу фактілеріне байланысты су сору жұмыстарының барысы жайында брифинг өткізді.
11 наурыз күні қалалық жедел штаб отырысында қаланың көптеген жерлерін су басу фактісіне байланысты жергілікті деңгейде табиғи сипатта төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған болатын. Сәйкесінше, осыған байланысты 13 наурызда қала әкімінің шешімі жарияланды. Табиғи апаттан оқшаулау және оны жою жөніндегі іс-шаралар тиісті негіздемелермен ҚР 2021 жылғы 14.04 №173 бұйрығына сәйкес ұсыныстарды реттейтін болады. Ауа-райының күрт жылыну салдарынан 12 наурыз күні су басу фактісі орын алды, – деп қала әкімінің орынбасары Жандос Асхатұлы мәлім етті.
Мөңкеұлы көшесіндегі 8 тұрғын үйдің жертөлесіне су кірді
Сарытау шағын ауданынан Айтқұлов көшесіндегі арықтармен су жүрді. Сондай-ақ Саратов трассасының бойындағы жолмен су жүргізілді. Сарытау төбесінен келген су жерге түпкілікті сіңбей қалған. Су Саратов трассасының бойындағы үлкен каналдағы үш дөңгелектен өтеді. Дөңгелектің екеуінің диаметрі – 2 метр. Қалғанының диаметрі – бір метр болғандықтан, судың көп мөлшері ақпай қалды. Тағы бір себебі, су өте көп мөлшерде келді. Нәтижесінде арналар суға толып, шекарадан өтіп кетті. Сол жердегі тұрғын үйлерге су кіріп кетпеуі үшін Айтқұлов көшесіндегі жолды кескіздік.
Қауіпсіздік ережесіне сәйкес жеті үйдің жарығы өшірілді. Жертөлені тазалу жұмыстары жүргізілуде, аяқталғасын жарық беріледі. Ол жерде мыңға жуық адам тұратыны анықталды.
Ескі насостарды ауыстыру жұмысы қолға алынды
Бүгінде судың келуі баяулады. Дегенмен де тексеру барысында байқағанымыздай, Сарытаудың басында мұздың тоңы бар. Облыста тоңның қалыңдығы – 80 см, қалада 1-1,5 метр аралығында. Мамандардың айтуынша, мұз тоңның астынан еруде, бұл өте қауіпті жәйт. Азаматтық қорғаныс басқармасы тарапынан сарбаздар көмекке жіберіледі. Су басу қаупі бар жерлерді құм салынған қаптармен бөгейміз. Су соруға көптеген техника күштері жұмылдырылды. Қалалық Төтенше жағдай департаменті басқармасы мықты мотопомпадан көмек көрсетті. Соның күшімен көптеген су сорылды. Ескі насостарды ауыстыру жұмысы қолға алынды. Сметалық-жобалық жұмыстар жасалуда. Мердігер анықталды.
Өңірдегі өзендерде қауіп бар.
20 мыңнан астам адам саяжайда тұрады. Саяжай негізі тек қана бау –бақшаға арналған. Сондықтан да онда тұрып жатқан тұрғындарға өте қауіпті. Қазірде қалалық әкімдікке мыңнан астам өтініш түсті. Өтініштерді біртіндеп қарап, ең қауіп төнген тұрғындарға арнайы комиссия мүшелері барады, – деді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Бұдан кейін қалалық Төтенше жағдай департаменті басқармасының басшысы Амангелді Ешмұқанов су басу кезінде белсенділік танытқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп,алдағы уақытта да ұйымшылдықпен атқаруға шақырды.Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу