8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2018 2283 0
Қоғам

АЙБАРЫ АСҚАҚ, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ

Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Айбары асқақ, Тәуелсіз елім» атты мерекелік концерт өтті. Жиналғандарды БҚО әкімі Алтай Көлгінов тарихи, қастерлі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

–  Ата-бабамыз аңсаған еңселі егемен ел болдық. Тәуелсіздіктің ең алғашқы күнінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін мақсатты стратегиялар қабылдап, бағытты айқындап берді. «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. Енді Қазақстан 2050-ші жылы қандай мемлекет болатынын межелеп, алдағы ондаған жылдарда еліміздің даму стратегиясын бағдарлап берді. Біз соны бірге орындаушымыз. Шын мәнінде адамның өзінде мақсат-меже болмаса, ол қайда барарын білмейді. Сондықтан Президентіміз еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін бірнеше бағдарламаларды қабылдады. Сол бағдарламалар қазір жұмыс жасауда. Күні кеше Елбасы өз Жолдауында тағы да ең маңызды мәселелерді атап айтты. Жол, ауызсу, баспана мәселесі, ауыл шаруашылықты қолдау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік,  жастарға қолдау көрсету, білім беру және денсаулық сақтау салалары толық қамтылды. Өңірімізді айтар болсақ, өңір үшін жол жайы өзекті еді. Бүгінде күре жол мәселесі шешілді.  Биыл Елбасы өңірімізге сапармен келгенде Кеңес кезінен шешімін таппай келе жатқан Бөкей орда, Жәнібек, Қазталов аудандарына жол салуды қолдады. Келер көктемде  жол құрылысы басталады. Облыс орталығынан ең шалғайда жатқан Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жалпақталға ауыз су келді. Жалпы екі жыл ішінде 2000 шақырым су құбыры тартылып, 110 елдімекен сумен қамтылды. Биылдың өзінде 26 көпқабатты үй, аудандарда 104, тұтастай алғанда 3500 пәтер салынуда. Бұл да тәуелсіздіктің жетістігі. Әр ауылда мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстар жүруде. Мәдениет үйі, аурухана, мектеп, балабақша салынуда. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 100 пайызды құрады. Бұл да тәуелсіздіктің арқасы, – деген Алтай Сейдірұлы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай кейінгі ұрпаққа тарихты түгендеп, дамыған елдің кілтін тапсыру жолында әр азаматты аянбай еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ облыс басшысы келер жылдың көктемінде өңірде халықтың сұранысымен Мәдениет сарайы салынатынын, әуежайды жаңғырту, жаңа «Ақжайық» шағын ауданы құрылысы басталатынын хабардар етті.

    

Мерекелік концерт Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымының, жергілікті өнерпаздардың және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

М.ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»