8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2019 1908 0
Қоғам

«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ» САПАСЫН КӨТЕРУ КЕРЕК»

Облыс әкімдеріне «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалық кеңселердің қызметіне жеке қызығушылық таныту ұсынылды.

 

Өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы» жобалары іске қосылды.

Жобалар мемлекеттік аппараттың жұмыс философиясын қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне максималды түрде бағыттай отырып, өзгертеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиналыста ««Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы»  жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Жобаның жарғылары жобалық кеңселердің әкімдіктермен өзара іс-әрекет механизмдерін қамтитындықтан, жергілікті атқарушы органдар бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Алик Шпекбаев қаңтар айындағы жобалық кеңселердің жұмыс нәтижелерін тыңдап, жобалық кеңселер мен әкімдіктердің өзара іс-әрекет деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.

Жобаларды табысты түрде іске асыру үшін облыс әкімдерінің жеке қызығушылығы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиналыста өңірлердегі халық үшін басым маңызы бар жобаларды анықтады.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары апта сайынғы аппараттық жиналыстарда жобалық кеңселердің қызметіне қатысты мәселелерді қадағалайды және тыңдайтын болады. Өз кезегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері ай сайын кеңселік жобалардың проблемалық аспектілерін қарастырып, олардың шешілуіне үлес қосуы туралы шешім қабылданды.

Бірқатар нақты нұсқаулар берілді.

Еске салайық, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» – «Адалдық алаңы»» жобаларын жүзеге асырудың басты мақсаты – қоғамның санасын трансформациялау және адал емес көріністерге қарсы тұрақты төзбеушілікті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»