8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2018 2957 0
Қоғам

АҚЫН ҒАЙСАҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Қадыр орталығында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғайсағали Сейтақтың «Отаным, Орда, Оралым» атты шығармашылық кеші өтті.

Арыны бөлек, дарыны даусыз ақынға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев Алғыс хат табыстап, биылғы 60 мерейжасымен жырсүйер қауымның атынан құттықтады. Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Мүтиев, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр, Қазақ тілі қоғамы БҚО филиалының төрағасы Б.Жексенғалиевтер ақын шығармашылығының маңыздылығына тоқталса, ақын-ұстаз Д.Мұштанова Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын А.Шахин үзеңгілес достарына үкілеп алып келген жырларын оқыды. Ал ақын З.Сейсенғали өз тілегінен бөлек Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшиннің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Кеш барысында Нарынның нар ұлының сөзіне жазылған «Әнші жарының аманаты», «Анаға хат», «Жайықта Шарабасов біреу ғана», «Желтоқсан қырандары», «Жайнай бер, Тасқала», «Астана» т.б. әндері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ. Қожақов «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова бастаған Т.Жауымбаев, Р.Кереев, Р.Хафизов, А.Дәулетқалиев, А.Ажғалиева, С.Изделеев, Қ. Сағидоллин, Н.Айтуған секілді әншілердің орындауында шырқалды.

Әдеби кештің мазмұны ақынның өз өлеңдерін оқуымен айшықталды. Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Ә. Аманжолов, А. Бақиев, Е.Қалижан және аталмыш оқу орнының түлегі О. Меңдіқұловтар ақын ағаларына арнаған өлеңдерін оқып, ел көңілінен шықты.

Шара соңында Ғайсағали Самиғоллаұлы жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, алпыс жылдық мерейтойының қорытындысы іспеттес осы кешті ұйымдастырған Қадыр орталығы ұжымына «Қасиет қонған қара жер» атты жаңа жыр жинағын қолтаңбасымен тарту етті.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
32 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
34 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»