АҚҰШТАП АҚЫННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАЛАРМЕН АЙШЫҚТАЛМАҚ
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерева 75 жасқа толады. Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған ақынның мерейтойы республика көлемінде кең ауқымда аталып өтілмек.

Жоспарлы шаралардың алғашқысы ақынның туған жері Теректі ауданында бастау алды. Оған, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, Сырым, Шыңғырлау, Тасқала, Қазталов аудандары онлайн режимде қосылды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында өткен шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов елдің аяулы ақын қызына деген құрметтің шексіз екендігін атап айтты.
Аудандық кітапханада өткен шарада БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріков, ақын, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Ғ.Сейтақ, жазушы-журналист Б.Ғұбайдуллин, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Т.Жазықбай, ақын, Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі С.Бисенғалиевтер Ақұштап Бақтыгерейқызының шығармашылығы, жастарға берер өнегесі туралы айтып, ақын тойына сүбелі үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
Ақынның мерейтойы ауданда тағылымды шаралармен айшықталмақ. Республикалық деңгейде мүшайра, «Қызым саған айтам» атты сырласу кеші, жыр байқауы, тәрбие сағаттары, әдеби кештер жоспарланған. Эссе жазу, сурет байқаулары ұйымдастырылады. Ауданның барлық кітапханаларында кітап көрмелері жасақталуда. Шаралар легі ақынның туған ауылы Ақжайықта қорытындыланып, дала қызықтары өткізіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу