8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2019 2565 0
Жалын

АҒАЙЫНДЫ МАТЕМАТИКТЕР САЙЫСТЫ

 Оралдағы Х.Доспанова атындағы №30 орта мектепте 5-15 наурыз аралығында «Математика, физика және информатика пәндерін оқытудағы үштілділік саясатты жүзеге асыруда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбымен математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылып, онкүндік аясында «Ағайынды математиктер» сайысы өтті.  

«Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті» дегендей, бір отбасында тәрбиеленіп, өсіп-өніп келе жатқан ағайынды балалар арасындағы сайыс қызықты да тартысты өтті.

Ағайынды Мурсалимовтер, ағайынды Сайлаулар, ағайынды Орынғалилар» мен ағайынды Жәнібековтер қатысып, «Таныстыру», «Ойлан тап», «Буриме», «Басқатырғыш» бөлімдерінен тұратын сайыста бақ сынасты. Өздерінің бауырмалдылығы мен қоса пәнге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, сайыстың бар мақсатын аша түсті. Сайыс кезеңдерімен сынға түскен ағайынды математиктердің барлық жинаған ұпайлары есептеліп, сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде бас жүлдеге ағайынды Сайлаулар лайық деп танылса, І орынға ағайынды Орынғалилар, ІІ орынға  ағайынды Мурсалимовтер ие болды. Белсенділігі үшін ағайынды Жәнібековтер алғыс хатпен марапатталды. Уильям Гибсон өз сөзінде: «Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы»  деген екен. Ендеше, ел ертеңі білімді ұрпақты дамытып, өсіретін, баптайтын – мектеп пен отбасы.

Құрманғазы Әліпов, Х. Доспанова атындағы №30 ЖОББМ математика пәні мұғалімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»