8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2026 46 0
Өңір жаңалықтары

Оралда Республика күніне орай мерекелік акциялар жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылған «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары жалғасуда. Бүгін, 22 қазанда, өңір тұрғындары арнайы ұсыныстарды пайдаланып, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығында өтеді. Акцияларға Орал қаласындағы сауда орталықтары, сауда үйлері мен супермаркеттер, сондай-ақ Ақсай қаласындағы сауда нысандары қосылды. Сатып алушыларға әртүрлі санаттағы тауарларға, соның ішінде отандық өндірушілердің өнімдеріне арнайы бағалар ұсынылады.

«Republic Day» акциясы аясында City Center, «Орал», «Урал», Dom Byta, Alem Plaza, «Атриум», «Школьник», «Аяжан», «Мега Строй» сауда нысандары мен Ақсай қаласындағы Jarsuаt сауда орны жеңілдетілген ұсыныстар ұсынуда.

Ал «Bereke Fest» акциясына «Оптмаркет», Food Line market, «Алтындар», Set Sail Food, «Әлеуметтік», «Анвар», «Суворовский», «Назэль», «Пешеход» және «Дина» сауда желілері қатысуда.

«Жеңілдіктердің бар екені анық байқалады. Кейбір тауарлардың бағасы едәуір төмендеген. Бұл әсіресе отбасыға азық-түлік пен күнделікті қажетті заттарды сатып алғанда маңызды. Осылайша, күнделікті шығындарды аздап үнемдеуге болады. Мереке қарсаңында осындай акциялардың ұйымдастырылғаны жақсы», – дейді Орал қаласының тұрғыны Гүлсім Сармағамбет.

Акциялар 27 қазанға дейін жалғасады. Бастаманың мақсаты – халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және Республика күні қарсаңында ішкі сауданы дамыту.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
130 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»