8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қазан 2026 95 0
Мәслихат жаршысы

Сайлау науқанына дайындық басталды

Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. 29 қарашаға белгіленген саяси науқанға дайындықтың алғашқы кезеңі басталып, сайлау комиссиялары алдағы міндеттерді пысықтауға кірісті.

Қазанның 13-і күні өңірлік аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайлау науқанының негізгі кезеңдері, комиссиялардың жұмысы мен азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Басқосуға БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, облыстық округтік сайлау комиссияларының төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы қаулысымен бекітілген күнтізбелік жоспар негізге алынып, алдағы саяси науқанның ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Жасұлан Нұрғожин сайлау науқанының негізгі кезеңдері мен мерзімдерін таныстырды. Кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары осы күні басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. Одан кейінгі күн тыныштық күні ретінде белгіленген.

Дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау нәтижелері дауыс беру күнінен кейін бес күндік мерзімде белгіленеді. Осылайша, алдағы апталарда сайлау науқанының әр кезеңі өз мерзіміне сай жүзеге асырылып, ұйымдастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Отырыста БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арман Жиенғалиев өңірдегі сайлау инфрақұрылымы мен дайындық барысына тоқталды. Облыс бойынша сайлауды ұйымдастыруға жалпы саны 4079 мүшесі бар 673 комиссия жұмылдырылады. Оның ішінде 14 аумақтық, 488 учаскелік, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 158 бірмандаттық округтік және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 15 бірмандаттық округтік комиссия бар.

Д.САҒЫНБАЕВА

(Толығырақ “Жайық үні” газетінің №42 санынан оқи аласыздар)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
95 0
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
238 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
216 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
254 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»