«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті
Орал қаласында «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» тақырыбында республикалық форум ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты.

Форум аясында қатысушылар «Әділетті қоғам: ұлттық құндылықтар мен жаңашыл идеялар» атты әлеуметтік жобалар көрмесімен танысты. Көрмеде жасанды интеллект, креативті индустрия, «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бағыттары бойынша өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар ұсынылды.
Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент республикалық форумының ашылуымен құттықтап, Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан алқалы жиын ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейтін маңызды іс-шара екенін атап өтті.
«Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық. Сондықтан бәріміздің алдымызда тұрған аса маңызды мақсат – Конституциямыздың басты құндылықтары мен маңызын халық арасында, әсіресе, жастарға жан-жақты түсіндіріп, кең ауқымда дәріптеу. Өйткені, қазіргідей құбылмалы, тұрақсыз және күрделі уақытта мемлекеттігіміздің мыңдаған жылдық тарихы мен дәстүрін жадымызда сақтай отырып, жұртымыздың бойына озық ойлы ұлтқа тән игі құндылықтарды сіңіру аса өзекті міндет саналады» – делінген құттықтауда.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өркениетті ел болу қастерлі Отанымыздың мүддесі үшін тұтас қоғам болып табанды еңбек етуден басталатынына ерекше мән берген. Себебі еңбекті қадірлейтін қоғамның азаматтары әр іске зор жауапкершілікпен, жанашыр жүрекпен және адал ниетпен қарайтыны сөзсіз.
Мыңнан астам адам қатысқан республикалық форумда ұлттық тәрбие мен қоғамдық әдеп мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
«Бүгінгі әңгіме – Отан мен отбасы туралы әңгіме, болашақ туралы әңгіме. Әдеп пен әдет, қоғамдық этика арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы кеңес. Конституциямен бірге қоғамның сана-сезімі мен дүниетанымында да терең әрі маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Президент әрбір қазақстандықтың туған тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін сақтайтын, үлкенді сыйлап, білімге ұмтылатын, сонымен қатар әлемге ашық азамат болғанын қалайды. Осы қасиеттер отбасындағы тәрбиеден басталып, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары арқылы қалыптасуы тиіс», – деді Е. Қошанов.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіленді
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Как Казахстан защищает радиоактивные материалы от диверсий и хищений!
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған
14 жасында әлемдік әдебиет сахнасында: ағайынды Айтқалиевтер Франкфуртта өз кітаптарын таныстырды
Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Кіру