8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1288 0
Қоғам

ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Орал қаласының командасы бірінші орынға ие болды. 

22 – 27 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге 504 оқушы жолдама алып, оның 14 пән бойынша 482 оқушы қатысты. 21-і денсаулығына байланысты қатыса алмаған. Олимпиаданың әр кезекті күні аяқталғаннан кейін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының сайттарында (ro.daryn.kz, zko.daryn.kz) қатысушылардың жұмыстары, пәндер бойынша шешімдері мен хаттамалар жарияланды.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 34 оқушы – І орын, 59 оқушы – ІІ орын, 84 оқушы – ІІІ орын алды. 73 оқушы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және медальдары табыс етілді.

Командалық рейтинг бойынша І орын – Орал қаласының құрама командасы, ІІ орын – дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орын – дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты кубок және дипломмен, аудандар арасында жоғарғы көрсеткіш көрсеткені үшін Теректі ауданы дипломмен марапатталды.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
99 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
92 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
93 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»