№23 9.06.2016 18 түлек – «Алтын белгі» иегері»
Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратовамен болған шұғыл сұқбатымызда біз 2015-2016 жылғы оқу жылының жақсы көрсеткіштеріне көз жеткіздік. «Инемен құдық қаздыратын» білім саласында бұдан басқа да тосын жаңалықтар, тың идеялар, жеңістер мен жемістер көп екен. Жыл сайын дәл осындай маусым айында түлектерін болашақтың ұзақ жолына ақ батамен шығарып салатын аталмыш бөлім мемлекеттік сынақтың бірі ҰБТ арқылы қала мектептеріндегі білім сапасын саралап отыр.
– Жансұлу Меңешқызы, көзді ашып-жұмғанша тағы бір оқу жылы аяқталды. Өткен жылдың күзінен бері мешіннің алғашқы алты айын қамтыған оқу жылында Орал қаласының білім саласында нендей өзгерістер, жетістіктер болды?
– Әрине, әр оқу жылын сәтті басталып, сәтті аяқталған оқу жылы деп есептейміз. 2015-2016 оқу жылында қаламыздағы жалпы 48 мектепті оның ішінде 4 гимназия, 5 лицейді барлығы 37428 оқушы тәмамдады. Соның 1399-ы мектеп бітіруші түлектер. Қала бойынша жалпы білім сапасы 59 пайызды құрап отыр. Олимпиадаға қатысушы мектептердің жалпы саны – 45 болса, оның 9-ы мектеп-гимназиялар мен лицейлер, ал 36-сы жалпы орта білім беретін мектептер болып табылады. Ең көп оқушы қатыстырған мектептер бойынша қарастырсақ, мектеп- гимназиялар мен лицейлерден: №35 – 100 (өткен жылы – 103), №38 МЛ – 37 (өткен оқу жылында – 31), №42 – 34 (өткен жылы – 24), №34 – 33 (өткен жылы – 34), №41– 33 (өткен жылы – 30) оқушы. Жалпы орта білім беретін мектептер арасында №7 – 33 (өткен жылы – 38) оқушы. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың олимпиадаға қатысу санының төмендегені байқалады.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу