8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2025 1062 0
Оқиға

818 жол оқиғасы тіркелді!

Батыс Қазақстан облысында 15–30 қыркүйек аралығында республикалық “Безопасная дорога” атты жедел-алдын алу шарасы басталды. Шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері өңір жолдарында 818 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай, 48 адам қайтыс болып, мыңнан астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері – жылдамдықты асыру, қауіпті маневр жасау, бағдаршам мен жол белгілеріне бағынбау, рөлде отырып телефон қолдану сияқты өрескел ереже бұзушылықтар.

Акцияның алғашқы күнінде-ақ полиция қызметкерлері 300-ден астам заңбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 8 мас жүргізуші ұсталып, 27 адамның жүргізу куәлігі болмаса да көлік басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ бұрын жүргізу құқығынан айырылған 12 азамат қайтадан рөлге отырған. Сонымен қатар 56 жүргізуші көлік тізгінінде телефон пайдаланса, 93 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған. 15 жағдайда жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол бермесе, 162 жаяу жүргінші өздері жол ережесін бұзған.

Полиция департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды, қажет жағдайда демалуды, техникалық ақауларды тексеріп отыруды, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерден кесіп өту керектігін ескертеді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өміріңе, жақындарыңа және айналаңдағы адамдарға деген қамқорлықтың нақты көрінісі. “Безопасная дорога” – бәрімізге ортақ қауіпсіздік кепілі.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
351 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
438 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
494 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
506 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
300 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
774 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
806 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
757 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
709 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
753 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
935 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»