19 ПОЛИЦЕЙ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамын жазғы киім нысанына көшіруге байланысты Жеңіс алаңында салтанатты түрде саптық байқау өтті.

Бұл саптық байқаудың мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, қызметкерлердің түр тұлғасын, киім кию үлгісінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады.
Саптық байқау кезінде қызметкерлердің нысанды киімі, жетондары мен кеуде белгілерінің бар болуы, қызметтік куәліктерінің сәйкес болуы, жарғыны білуі, олардың сыртқы келбеті, сондай-ақ қызмет өткеруге дайындығы тексерілді.

– Полиция қызметкерлері халықпен, сондай-ақ, елімізге шет елдерден түрлі миссиялармен келген қонақтармен тығыз жұмыс жасайды. Сондықтан азаматтармен қарым-қатынас кезінде нысандық киімдер таза әрі ұқыпты болуы шарт. Сонда ғана халықтың полицияға деген көзқарасы өзгеріп, сенімі артатын болады», – деді Бағдар Нұралыұлы.
Салтанатты іс-шара кезінде ішкі істер органдарының қатарына алғаш рет қабылданған 19 жас полиция қызметкері Ант қабылдады.
Осынау шара Орал полициясы гарнизонының салтанатты шеруімен аяқталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу