12 дәнекерлеуші бақ сынады
Бүгін, қыркүйектің 11- і күні, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің дәнекерлеу шеберханасында жұмысшы мамандықтар жылына орай «Шебер дәнекерлеуші» сайысы өтіп, Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Тапишев сөз сөйлеп еңбек адамының мәртебесін көтеру, жастардың шығармашылық әлеуметін көтеру мақсатында өтетін додаға сәттілік тіледі. Осы колледждің директоры С.Мұхамбетқалиев жылы лебізін айтып, барлық дәнекерлеушіге табыс тіледі. Бұдан соң байқауға қатысқан 12 дәнекерлеуші бақ сынап, қоқыс жәшігін дайындау арқылы өз кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, шеберліктерін танытып, темірден түйін түйді.
Аталмыш сайыстың нәтижесі 12 – ші қыркүйек күні белгілі болатынын әділқазы алқасы жеткізді.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру