111 ТЕХНИКА ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ (ВИДЕО)
БҚО ТЖД мәліметінше, бір тәулік ішінде облыс аумағында 111 бірлік техника тазартылған жолға шығарылып, 218 адам құтқарылған.

Батыс Қазақстан облысында ақ түтекке байланысты көптеген көліктер қар құрсауында қалды. 18 ақпан күні басталған боран 19 ақпанда да жолдарда көліктің қозғалысына қиындық тудырды.
18 ақпан күнгі кешкі сағат 21.00-ден 19 ақпан күнгі түскі 12.00-ге дейін БҚО ТЖД, Жедел құтқару жасағы және жергілікті атқару орган өкілдерінің көмегімен Бәйтерек ауданы аумағында 14 жеңіл автокөлік қар құрсауынан тазартылған жолға шығарылды. Автокөліктерде 20 адам болған.
19 ақпан күні сағат күндізгі 11.19-да Ақжайық ауданы, Орал-Атырау трассасының 175 шақырымында «Газель» көлігі шығарлып, жүргізушісі эвакуацияланған.
19-ынан 20 ақпан қараған түні сағат 00.30-да Бәйтерек ауданы Орал-Саратов автожолының 45-ші шақырымында ТЖД күшімен жүк көлігі және 4 жеңіл көлік тазартылған жол бөлігіне тартып шығарылды. Бұл көліктерді 17 адам болған. Олардың үшеуі – бала.
Сондай-ақ түнгі 01.05-те Тасқала ауданы аумағында Орал-Саратов трассасының 96-104 шақырымы аралығында жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен «ҚазАвтодор» қызметкерлері жолаушылар автобусын, 5 жүк Газелін және 57 жеңіл автокөлікті шығарған. Бұл көліктерде жалпы 181 адам болған. Олардың 16-сы балалар. 38-і Өзбекстан Республикасының азаматы.
–Құтқару жұмыстары кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері адамдардың өмірін қиюы мүмкін өрттің алдын алды. Анықталғандай, өзбекстандық азаматтар да автобус салонын жылыту үшін өзерімен бірге плитка және газбаллон алып бара жатқан. Естеріңізде болса, осындай өр қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан Ақтөбе облысында 50-ден астам адам автобуста жанып кеткені болатын, – дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметкері Ж.Құсайынов.
Жыл басталғаннан бері қар құрсауынан 809 адам құтқарылып, 182 адам эвакуацияланған. 380 техника шығарылған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу