10 МЫҢ АДАМ СУҒА ШОМЫЛДЫ
«Крещение Господня» мерекесі күні Батыс Қазақстан облысында 10 мыңнан астам адам суға шомылды.

Мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары халық арасындағы ең танымал орындардағы жаппай шомылу бойынша мұз ойықтарына ыңғайлы ағаш баспалдақтар дайындады. Жасақтың құтқарушылары суға шомылу үшін арнайы бөлінген 7 орынға кезекшілік етті, жеке құрамның 45 құтқарушысы және 9 техника тартылды. Кезекшіліктегі құтқарушылар дін қызметкерлерінен өз бекеттеріне кешкі сағат 23:00 уақытында 18 күні алдын ала келіп, түнгі сағат 24-00 уақытында 19 күні суға түсушілердің жанында олардың қауіпсіздігін сақтады. Суда құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеевтің айтуынша, осы жылы жасақ құтқарушылары кезекшілік еткен жерлерде 6620 адам суға шомылды.
Кезекшілік барысында құтқарушылар суға тусуге халыққа көмектесіп оның ішінде, қарттарға және балаларға, ауырған адамдарға суда тусуге көмектесіп, қауіпсіздік қағидалары насихаталды, алкоголдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу, мұз үстіне халықтың үймелеуіне жол берілген жоқ, ата-аналарға балаларын қадағалау ескертілді.
«Крещение Господня» мейрамы барысында полиция қызметкерлерімен бірігіп атқарған қызметтің нәтижесінде оқыс оқиғалар, төтенше жағдайлар орын алған жоқ.
Бөрлі ауданы бойынша құтқарушылар шоқыну иордандары мен прорубтар орналасатын Ақсай қаласы және Бөрлі, Приурал, Бумакөл, Облавка, Жарсуат, Кеңтүбек ауылының суқоймаларын тексеріп өтті. Сонымен қатар, адамдардың жаппай мұз айдындарына шығу кезіндегі қауіпсіздік шараларын қарады. Ақжайық ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында киім-кешектерді ауыстыру үшін екі шатыр орналастырылды. Сондай-ақ Чапаев ауылында төтенше жағдайлар бөлімі мен №6 құтқару жасағы және Тайпақ ауылында №18 ӨСБ-нің қызметкерлері мен жедел- жәрдем бригадалары күшейтілген кезекшілік ұйымдастырады.
Бұл күні жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша 10 228 адам суға шомылды.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу